jasqazaq.kz

Абай күніне орай ой-толғау

10 тамыз, 17:34

10 тамыз – ұлы ойшыл, көрнекті ақын және қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлын еске алу күні. Абай өз шығармаларында қазақ халқының болмысын, ұлттық рухы мен мәдени бірегейлігін терең бейнелеп қана қоймай, даналыққа негізделген терең ой-толғамдары арқылы Орталық Азия мәдениеті мен Шығыстың асыл рухани мұрасы арасында берік байланыс орнатқан ұлы тұлға.Абай парсы поэзиясы мен ой-санасының бай қайнарынан да нәр ала отырып, адамгершілік, мораль, таным және қоғамдық ағартушылық сынды биік ұғымдарды қазақ даласына кеңінен таратты. Бұған ақынның “Қара сөздері» мен көркем өлеңдері – ұлы тұлғалар мен мәдени реформаторлардың географиялық шекаралардан асып, бүкіл адамзатқа ортақ рухани мұраға айналуы айқын дәлел. Мәдени істер жөніндегі атташе ретінде бұл дана әрі аса көрнекті ақынның мерейтойлық күнін ой мен өнердің мәдени дипломатиядағы рөлін қайта зерделеуге, сондай-ақ Иран мен Қазақстан халықтары арасындағы тарихи байланыстар мен достықты нығайтуға мүмкіндік беретін аса құнды сәт деп санаймын. Абайды ұлықтау – білімділікке, толеранттылыққа және диалогқа тағзым ету. Бұл – бүгінгі әлемге бұрынғыдан да қажет құндылықтар.Абай Құнанбайұлының ғылыми және әдеби мұрасына зор құрмет білдіре отырып, екі елдің ғалымдары, зерттеушілері мен өнер қайраткерлері арасындағы ғылыми, зерттеу және мәдени ынтымақтастық пен өзара алмасу үдерістері әрдайым қарқынды әрі жемісті бола беретініне сенім білдіремін.

Мұхаммед Мәсуд Садеғи,

Иран Ислам Респуликасы Алматы Бас консулдығының мәдени істер жөніндегі атташесі

Бүгін, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
Бүгін, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
Бүгін, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
Бүгін, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді