jasqazaq.kz

4 пайызбен автонесиені қалай алуға болады? (Видео)

24 қантар 2023, 20:44

Төрт пайызға жеңілдетілген несие шамамен осы айдың аяғында қайта жалғасады. Әзір соған тырысып жатырмыз дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Тек несиеге өтініш беру талабында өзгерістер болуы мүмкін. Бағдарламаға қатысты толық ақпарат аптаның соңына дейін жариялануы тиіс. Бұл КТК телеарнасы хабарлады.

Әзірге белгісі мынау: бұған дейін азаматтар алдымен автосалондарға тіркеліп, кейін банктің көмегіне жүгінген. Енді темір тұлпар тізгіндегісі келгендер «Өнеркәсіпті дамыту қорына» электронды кезекке тұрады. Содан кейін автосалонға жөнелтіледі. Ондағылар тұтынушының талап-тілегіне сәйкес, темір тұлпарды белгіленген мерзімде тауып беруі керек.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына былтыр мамыр айында 100 миллиард теңге бөлінген еді. Осының арқасында 12 мыңнан астам адам көлік алған. Банк азаматтарға төрт пайызбен 10 миллион теңгеге дейін несие береді. Қалған сомманы тұтынушылар өз қалтасынан төлеуге тиіс. Тек темір тұлпардың бағасы 15 миллион теңгеден аспауы керек. Әзірге жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтап тұр. Әрі жаңа жылдан бастап көлік түрлерінің көбі тағы қымбаттап кетті. Ал нарықта сол қымбат көліктің жетіспеуін министр былай түсіндірді.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

— Автокөліктің жетіспеушілігі тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемдегі мәселе. Сол Кореяның өзінде де бұқаралық ақпарат көздерінен оқыған шығарсыздар, кейбір модельді екі жарым жылға дейін тосады. Әрине, оның бірінші себебі чипке байланысты деп, оны бірнеше рет түсіндірдік. Пандемиядан соң логистикалық қосалқы бөлшектерді алып келу және оны жеткізу тізбесінің өзі ауысты.

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін