jasqazaq.kz

370-тен астам салымшы тартылған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасының схемасы әшкерленді

22 мамыр, 11:57

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Тергеу амалдарына сай, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы «Еnvida ai ежедневный пассивный доход» және «Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход» атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.

Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған.

Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған.

Қатысушылар географиясы еліміздің алты өңірін қамтиды: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді