jasqazaq.kz

«Ауыл» партиясының кезектен тыс Съезі өтті

23 маусым, 18:22

23 маусымда «Ауыл» партиясының кезектен тыс Съезі өтті

Съезд барысында:
1. «Ауыл» партиясының ағымдағы міндеттері;
2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес «Ауыл» партиясың Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

Съезд барысында Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының төрағасы қызметінен кету туралы мәлімдеді.
Ол ең алдымен партияның және оның болашағының мүдделерін басшылыққа алатынын атап, «бүгінгі саяси сәт барлық прогрессивті күштерден қоғамның жаңару туралы сұранысына лайықты жауап беруді талап етеді. Бұл сұраныс конституциялық реформа барысында дәлелденді. «Ауыл» партиясы осы үдерістерден шетте қала алмайды, керісінше, партия олардың белсенді қатысушысы, ал бұл үшін аграрлық және әлеуметтік күн тәртібіне жаңа көзқарастар әкелуді, жаңартылған саяси жүйеде тиімді жұмыс істеуді қажет етеді. Сондықтан партия төрағасы қызметімді тоқтатуым партияның ішкі динамикаға дайындығын және жаңа саяси жүйеде алдағы сайлауға толыққанды қатысуға ниеттілігін көрсететін заңды қадам болады. Сонымен қатар, мен партия мақсаттарына адалмын және жаңа төрағаға партия қызметінің сабақтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын және партияқатарында белсенді қызмет жасаймын», — деді.

Серік Егізбаев Съездің қарауына партия төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғановтың кандидатурасын партияның төрағасы лауазымына ұсынды.

Қайрат Қапарұлы — аграрлық экономика, мемлекеттік қызмет және ғылыми салада 40 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті басшы, экономист және мемлекет қайраткері. Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, аппарат басшысы, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкі жүзеге асырған жобаның жетекшісі, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары.

Сонымен қатар, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Партия төрағасының орынбасары ол ретінде ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған заңнамалық және бағдарламалық бастамаларды әзірлеу мен ілгерілетуге белсене қатысты.

Қайрат Қапарұлы кәсіби ортада жоғары беделге ие, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады және аграрлық саладағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға зор үлес қосуда.
Серік Егізбаевтың айтуынша, жаңа төрағаның партиялық жұмыста сабақтастықты қамтамасыз етіп, алда тұрған міндеттерді іске асыруды үйлестіруге зор мүмкіндігі бар.

Съезд делегаттары Қайрат Айтуғановтың«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы болып сайлануын бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар Съезд жаңа Конституцияға сәйкес партия Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде