jasqazaq.kz

2,5 млрд теңге қолма-қол ақшаға айналдырған: ҚМА халықаралық іздеуде болған күдіктіні Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарды

12 тамыз, 10:01

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

Қаржылық мониторинг агенттігі Интерпол қолдауымен бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған Ұлан Мұхтарұлы Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарды. Тергеу деректеріне сәйкес, Ұ.М.Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

Қылмыстық әрекет мынадай жолмен жүзеге асырылған: кәсіпорындар сатып алынып, жалған басшылардың атына қайта тіркелген, олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізілген, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізіліп, кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірі «Сфера» ЖШС. 2014 жылы Ұ.М. Байболов аталған серіктестік директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.

 Нәтижесінде топ мүшелері серіктестіктің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты