jasqazaq.kz

10 мың дозаға тең: Полиция Алматы және Алматы облысында есірткі тарату арналарының жолын кесті

11 тамыз, 9:18

Сурет: Polisia.kz/видеодан кадр

Алматы және Алматы облысында полиция есірткі тарату арналарының жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарын жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған мақсатты іс-шараларды жалғастыруда. Алматы қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады. Оның автокөлігін тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 130 орама табылып, тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткі құралдары, электрондық таразы, қаптама материалдары және тыйым салынған ұнтақты бөлшектеп орауға арналған өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі партиясы жасырылған тағы бір орын анықталды. Тәркіленген заттың жалпы көлемі екі килограмм мефедронды құрады, бұл 10 мың бір реттік дозаға тең. Ірі партия полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында заңсыз айналымға түспей, тұтынушыларға жеткен жоқ. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына және оны тарату әрекеттеріне қатаң тосқауыл қою жұмыстарын жалғастырады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты