jasqazaq.kz

10 күнде 760 кг есірткі тәркіленді: полиция ауқымды операция жүргізді

Бүгін, 9:13

ІІМ шілденің алғашқы онкүндігінде 760 кг есірткі тәркіледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

— Астана қаласында полиция қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйін тексеру барысында одан салмағы 245 грамм 227 орам а-PVP синтетикалық есірткіcі тәркіленді. Күдікті оны қала аумағында өткізбек болған. Шілде айының бірінші онкүндігінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөліністермен өзара іс-қимыл жасай отырып, барлығы 187 есірткі құқық бұзушылығын анықтады.

Оның ішінде 86 қылмыстық терісқылық және 101 қылмыс бар. Он күн ішінде есірткіні сатудың 46, аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егудің 40 фактісінің жолы кесілді. Сондай-ақ есірткі контрабандасының төрт фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 266 кг прекурсор мен 760 кг есірткі, оның ішінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында нашақорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше назар аударылуда. Алғашқы онкүндікте алты мың жасөспірім мен жастарды қамти отырып, 145 профилактикалық іс-шара өткізілді. Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

 

Бүгін, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілуде