jasqazaq.kz

Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

23 наурыз, 13:25

 

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп отыр.
Шараның мақсаты — су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда.
Акцияға алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында көктемгі каникулда демалып жатқан оқушылар үлес қосты. Олар бұлақ көзін ашып, маңайын қоқыстан тазалады. Ал, Шымкент қаласының ерікті жастары, колледж студенттері Қошқар ата өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды.
Маңғыстау облысының студенттері де Каспий теңізінің жағалауында өткен акцияға атсалысты. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтеді.
Айта кетейік, алдағы бір ай ішінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы еліміздің басқаj өңірлерінде де жалғасын табады.
JQ-Aqparat

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді