Жанар Амірбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен жəнеғаламтор

 

Достарың аз байқадың ба жаныңда?
Айынабір бас сұғасыңсабырға.
Бұл кейіпкер өршіген заман адамы,
Сайран салған ғаламтордың бағында…
Я бүгінде əлеуметтік желі қолданар бауырларымыздың саны күн сайын қыбырлаған құмырсқадай қаптап келеді. Бұл дұрыс па? Əлде бұрыс па? Екі-үш жылды артқа тастасақ айқындалары анық. Себебі сан түрлі сана улаған Абайдың «31-ші қарасөзінде» кездесер нағыз құмарлықтың құмырасы осы болып отырған жоқ па?! Журналистердің пікірінше: Əлеуметтік желі ақпараттың кеніне, əлемнің деміне, еріккеннің еміне айналған бағыты мен уақыты жобалас өтетіндердің қаумалаған мекені.

Жарайды, жалпылықтан жалқылыққа ауыссақ. Яғни əлемнің емес өз туған отанымыз Қазақстанның желі дегендегі жер сипар тұстары қандай?
2016 жылғы ақпарат бойынша Қазақстанда əрбір 5-ші адам ғаламтор құрсауында болып шықты. Мәселен бір ғана вконтакте желісін 1945000 адам қолданатын болып шықты. Оның 53,8% ерлер, 46,2% əйелдер.
Бір қызығы 50 млн адамды радио 38 жылда, телевизор 13 жылда жинаса ғаламтор бар-жоғы 4 жылда жинап алған. Twitter, facebook, google деп басталатын сəнқұмар қыздардың түрлі-түсті бояуындай түрленген əлеуметтік желілердің пайдасы болғанмен, зияны екі есе. Дəйектейтін болсам: эндокриндік жəне ми ісігі ауруларының шымылдығы осы əлеуметтік желі арқылы ашылады десем сенесіз бе?
“Тағысын тағылар» деген сөзді осы тұс қолдансам жайлап жүріп жалмайтын, айдар тағып арбайтын ғаламтордың айыбын аша түсетіндей…
А.Жұмаділдаев: «Маған компьютерлік бағдарламаның керегі шамалы» дегенде ТАҢҚАЛЫП едім. Бірақ сол кісінің бүгінде шыққан білім биігі бойынан зор. Яғни мұнан шығар түйін ғаламторды аса қажет болған кезде болмаса, қолданудың қажеті шамалы. Елде болса ерінге тиер дегенді ескерсек менің көзқарасымды ел көзқарасын қозғауымнан аңғара берсеңіз қателеспейсіз… Көкке шыққан көк байрағымыздың тұғырын ұстар ұрпақты көк киік жалмайтынын кім білген? Бұл мəселе де əлеуметтік желінің əлегі емес пе?!

Мен – жаратушының жаратылысымын, ғаламтор – адамзаттың жаратылысы. Адамзат – Жаратушыға тəуелді. Ал ғаламторға адам тəуелді. Қайтпек керек? Себебі не?! Жаһандану заманында ғаламторға басымызды неге иіп тұрмыз? Мəжбүрлік… Қызыққұмарлық… Іздегенге сұрағанымызды дер кезінде беріп отырғандықтан бағыныштымыз. Оның пайдасы мен зиянын жіпке тізбес бұрын, сөз төркініне үңіліп көрейікші. Байқасақ, «ғалам» жəне «тор» сөздерінен құралған. Ендеше, ғаламның торына шырмалғанымыз ғой?..
Ғаламтордың дүниеге келуі көк жəшіктің пайда болуымен тікелей байланысты. Құрылғанына жарты ғасырға жуық уақыт болса да, жарты əлемді жайлап үлгерген жаһандану заманының жемісі сан ғасырлық ұлттық дəстүр-салтымызды алмастырып, санамызға сіңіп үлгерді. Дəл қазіргі желідегі жағдайымыз осы. 17 миллион халқымыздың 70-80%-ы ғаламтордың тұтқынына айналған. Қалған 20%-ы денсаулығына я болмаса уақытын бос нəрсеге кетпеуін қамтамасыз ету мақсатында қолданбайды.
Жалпы кез келген нəрсеге бір жақты қарауға болмайтыны сияқты ғаламтордың екі жақты да əсері бар екенін мойындағанымыз абзал. Өйткені дəл осы ғаламтор арқылы талай істі түріп тастап отырған жоқпыз ба? Қиялдың жүйріктігі – жеті қат көктің шыңына шығаруында шығар, сірә… Көкпеңбек көңілдердің биігінде өз әлемімізбен сапар шегіп, жарық сәулені іздеп шарқ ұруымыз, ертегілер әлеміндегі өмірді аңсап талпынуымыз – бәрі дерлік ой-қиялымыздың жемісі болса керек-ті. Бұл ғаламтордың өмірімізге енуі де сол қиял жемісі іспетті. Бірінші қызықтырып, одан өзіне тəуелді етіп, аяғы ұйқымыз бен уақытымызды ұрлаумен аяқталады. Бұл дегенің адамнан робот жасаудың өзі сынды. Болашағымыз жастар десек, сол келешегіміз деп үміт еткен көзіміздің шырағын шел баспауына қазірден тосқауыл қоюымыз керек. Қиял қаншалықты саф алтындай таза болса, оның жүзеге асу жолдары да соншалықты нұрлы болмақ… » Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек әрбір адамға» – деп Мұхтар Шаханов қандай тамаша айтқан.

Қызарып батқан күннің жымыңдаған жұлдыздар мен жарық айлы түннің бастауы екенін біле бермейміз-ау! Тегінде, жаныңның қалауы ақылыңның, ой-санаңның алдында дәрменсіз болатындығы соншалық ешнәрсе жасай алмаймыз… Тұлпардай дүбірлетіп өте шығар өмірдің өткінші екенін ұмытпайықшы! Мына қызығы мен қайғысы қатар жүрер өмірдің әткеншегінде тербеліп, тебіреніп жүргенге не жетсін!.. Сергелдең өмір сан соқпақтарын сый етсе де, сабырлы қалпымыздан айнымай, санамызды ашуға жеңдірмей, сара жолдың, салиқалы ақылдың құлы болайықшы! Ақ бұлттан жасап алған арманымыздан қол үзіп, арсыздықтың алдында алақан жаймайықшы! Келте ғұмырдың әр сағатында, әр минутында, әр секунтында болымсыз іске бас ұрмай, қарғысынан алғысы көп игі істерге арнайықшы!

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді