Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз

29 сәуiр, 11:52

Тұтынушы құқығын қорғауға бүгінде айрықша мән беріледі. Мерзімі өтіп кеткен тауарды ұсыну, сатып алынған заттың кепілдік мерзімі өтпей жатып бұзылып қалуы сияқты келеңсіз жәйттер кімнің де болса алдынан шығатыны сөзсіз. Сауда және интеграция министрлігінде Тұтынушыларды қорғау комитеті ашылған. Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда оның департаменттері бар. Сонымен бірге тұтынушы құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер бар. Айталық, Алматыда тұтынушы құқығын қорғайтын он шақты ұйым бар. Jasqazaq.kz тілшісі Алматыдағы «Ата-бабалар дәстүрінің мұрасы» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық қорының директоры Нұрлан Дәулетбаевпен сұхбаттасып, қаламыздағы тұтынушылар құқығын қорғау қалай жүзеге асып жатқанын білді.

— Нұрлан Аллабергенұлы, Алматы тұрғындарының тұтынушы құқығын қорғайтын ұйымдар туралы біле ме? 

— Ол үшін алдымен тұтынушылармен жұмыс жұмыс жүргізу керек. Шыны керек, біздегі тұтынушылардың көбі өз құқығын білмейді. Тіпті тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдардың бер екенінен хабарсыз адамдар бар. Соңғы жылдары бұл салаға мемлекет айрықша көңіл бөоіп, көп жұмыс атқарылып жатыр. Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесіп, жұмыс жоспарлы түрде жүргізілмек. Оның ішінде мониторинг жасау да кіреді. Себебі дәл қазір тұтынушылар 100 пайыз өз құқығын біледі деп мен айта алмаймын. Бүгінде Үкімет тарапынан тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымдарға қаражат бөлініп жатыр. Алдағы уақытта газет, сайттармен бірлесіп жұмыс істеп, қор жұмысын насихаттамақпыз. Сондықтан біз ең алдымен тұрғындарға «Тұтынушы қандай жағдайда өз құқығын қорғауы керек?», «Кімге келіп кеңес алуы керек?» деген сауалдарға жауап беріп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандырмақпыз.

— Тұтынушы құқығы қай кезде бұзылады? Көбінесе қандай жағдайда тұрғындар сіздерден көмек алады?

— Қазір біз дүкенге кірген сәттен бастап құқығымыздың қалай бұзылғанын көреміз. Мерзімі өтіп кеткен тауарды тұтыну – ол бер жағы. Ең алдымен әрбір дүкен сыртқы есігіне қай уақыттан бастап жұмысы басталады және аяқталатынын көрсететін кестені ілуі керек. Одан кейін сатушыда міндетті түрде есімі көрсетілген бейджик, сатушының біріңғай формасы, бас киімі болуы керек. Бізде азық-түлік қауіпсіздігі деген бар. Сондықтан сатушының басы жабық, тырнағы таза болуы керек. Ал біздегі сатушыларға қарасаң, тойға келгендей отырады.

Ең алдымен, біз осындай нәрселермен күресуіміз керек. Сол кезде тұтынушылар да біз сияқты қорлардың жұмыс істейтінін біледі. Рейд барысында қандай да бір бұзушылық анықталды ма, айыппұл салынуы керек. Ал біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды талап етуге тиіспіз. Мемлекет тарапынан талап қойылып, тәртіпке келтіріп жатқанда, бірте-бірте барлығы сол тәртіпке бағына бастайды. Ал мерзімі өтіп кеткен тауарды тұтыну бойынша тұрғындар ең алдымен бізге келуі керек. Бірақ әрбір тұтынушы дүкеннен тауар алғанын растайтын чекті талап еткені жөн. Егер чек болмаса, онда дәлелдеу қиын. Сондықтан әр тұтынушы сауда жасағанын растайтын чекті алып үйренуі керек.

— Алматы қаласында оннан астап тұтынушы құқығын қорғайтын ұйымдар бар екен. Сіздер олармен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істейсіздер ме?

— Иә, Алматы қаласында оннан астам біз сияқты ұйымдар бар. Мысалы, бір ұйым электр энергиясын тұтыну бойынша, бірі — газ, бірі — коммуналдық төлемдер деген сияқты әр салада жұмыс істейді. Банктермен жұмыс жасайтын ұйымдар да бар. Олардың барлығының мақсаты бір — тұтынушылар құқығын қорғау. Біз Алматы қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментімен тығыз байланыстамыз. Департамент келіп түскен шағымдарды бізге жібереді. Ал біз кейбір шағымдарды департаментпен бірлесіп шешеміз. Осылайша олар бізден, біз олардан кеңес алып, жұмылып жұмыс бастап жатырмыз. Ең алдымен, біз өзімізді тәртіпке келтіруіміз керек. Ішіп-жейтін тамағымызға дейін бақылауымыз керек. Сол кезде барып тәртіп орнайды. Тұтынушылар құқығы туралы бізде заң бар. Бірақ сол заңды білмейтіндер көп. Білмегендіктен де тұтынушы құқығы бұзылады. Мысалы, «халал» деп таңбаланып сатылатын тауарлар туралы айтайық. Ол мемлекет бекіткен 17 стандарттан өтуі керек. Ал оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Оған қарсы күрес жүргізу мақсатында алдағы уақытта рейдтік тексерулер басталады. Алдағы уақытта сондай нәтижелі жұмыстардың куәсі боласыздар. Жауапсыз саудагер, сапасыз қызмет көрсетушілерден зардап шеккенде біз сияқты тұтынушы құқығын қорғайтын үйымдардың көмекке келетінін Алматы тұрғындарының білгені дұрыс.

— Әңгімеңізге рахмет!

Мақпал Ноғайбаева,

Алматы қаласы

20 мамыр, 14:04
Түркістан: Келес ауданында «Қауіпсіз қоғам» профилактикалық іс-шарасы өтуде
20 мамыр, 13:18
Түркістан: Төлеби ауданында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
18 мамыр, 22:58
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді
17 мамыр, 15:54
Түркістан: «Жасөспірім және жауапкершілік» профилактикалық шарасы өтуде
17 мамыр, 15:41
Түркістан: «Құқықтық тәртіп» және алаяқтардан сақтандыру
17 мамыр, 12:04
Түркістан: Учаскелік полицейдің қоғамдағы жауапкершілігі жоғары
16 мамыр, 15:19
Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді
15 мамыр, 16:48
Түркістан: Алимент, авторлық құқық және сот сараптамасы
15 мамыр, 15:56
Түркістан: Өткен жылы 7 184 адамға тегін заң көмегі көрсетілген