jasqazaq.kz

Жаңа Конституция: Қазақстандықтардың құқығы кеңейіп, билік тепе-теңдігі күшейді

01 мамыр, 16:10

Сенат депутаты Әсем Рахметова жаңа Конституцияның мәні мен маңызы туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, қоғам дамыған сайын оны реттейтін заңдардың да жаңарып отыруы заңдылық. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы нормалар — елдің саяси және әлеуметтік бағытын жаңаша айқындайтын маңызды қадам. Бұл өзгерістердің мәнін толық түсіну үшін олардың себептері мен салдарына назар аудару қажет.
Жаңа Конституцияны қабылдаудың басты себептерінің бірі — мемлекеттік басқару жүйесін теңгерімді әрі тиімді ету. Бұған дейін билік тармақтары арасында белгілі бір теңсіздік байқалса, қазіргі өзгерістер осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі қайта бөлініп, Парламенттің ықпалы артады. Бұл шешім қабылдау процесіне әртүрлі көзқарастардың қатысуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде заңдар мен реформалар қоғам сұранысына жақындай түседі, — деп айтты сенатор.
Сонымен қатар бұл өзгерістер қарапайым халыққа тікелей әсер етеді. Себебі азаматтардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктері кеңейген. Бұрын азамат өз құқығы бұзылды деп есептесе, оны дәлелдеу және қорғау жолы күрделі болатын. Енді Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына тікелей жүгіну мүмкіндігі енгізілді. Бұл мемлекет пен азамат арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтереді. Яғни, әрбір азамат өзін тек бақылаушы емес, құқықтық процестің белсенді қатысушысы ретінде сезіне алады.
Әсем Рахметова жаңа Конституция елдің даму бағытына да әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет енді халыққа ашық әрі есеп беретін жүйе құруға ұмтылады. Бұл әрбір шешім халық мүддесіне сай қабылдануы тиіс дегенді білдіреді. Мұндай қадамдар қоғамдағы сенімді арттыруға ықпал етеді.
Құжатта адам құқықтары мен еркіндіктеріне ерекше мән берілген. Атап айтқанда, өлім жазасына толық тыйым салу, сондай-ақ жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екендігін нақтылау — соның айқын дәлелі. Бұл өзгерістер әр азаматтың қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуын күшейтеді, — деп түсіндірді ол.
Депутаттың пікірінше, қарапайым адам Конституцияның әсерін өмірде анық байқай алады. Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуы, соттардың әділ шешім қабылдауы және заңның бәріне бірдей жұмыс істеуі – осы өзгерістердің нәтижесі болады.
Қорытындылай келе, сенатор жаңа Конституцияның басты мақсаты — әділ, ашық және халыққа қызмет ететін мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства