Жұлдызай Аншаева Болатқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің1-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

Дөңгеленген дүниенің о шеті мен ,бұ шетін жалғап жатқан ғалматор жайлы өз ойымды өлең арқылы білдіргенді жөн көрдім.

 

Зиянды бүгінде пайдаға асырып,

Кем-кетік тұстарын білдірмей жасырып.

Қапаста өткізер заманға келдік пе?

Ғаламтор шырмауы жақыннан қашырып.

 

 

 

Желіге балаған сезімді сергелдең,

Суретті салады қымсынбай өңделген.

Ақылды болады, бәрі де данышпан,

Жұлдыздар осының, арқасы сын көрген.

 

Ақпарат болады, сабақ та осында,

Ғаламтор тұрғанда дейді ме қымсынба?

Инстадан біледі шақырған жерінде,

Жоқ әлде,барып ап сол жерде тұрсың ба?

 

Кей жанның тағдырын бірігіп шешеді,

Күнәні тең белден ойланбай кешеді.

Біреуі құз құлап, жаралы боп қалса,

Пайданың арқасы кейбіреу өседі.

 

Біреуі ғашығын осында табады,

Жазықсыз адамға жала да жабады.

Ғаламтор арқасы жасы да кәрісі,

Жоғарқы үкімет қатесін санады.

 

Жүргізіп кейбіреу саудасын өзімен,

Ғұлама дейсің-ау бос ауыз сөзінен.

Данагөй болады адаммен алысып,

Қарайды-ау әлемге ақымақ көзімен.

 

Ақылды жандар бар қайырымды іспенен,

Жетіммен жұтаңға жағдайды істеген.

Жақсыны жинайды жанына желіден.

Адамдық алғысы ауыздан түспеген.

 

Пайдасын іздесең жақсысын ескеріп,

Бос уақыт өзіңе пайымын тексеріп.

Бірақта амалын алдаусыз қарағай,

Қалмашы арамға, арбаулы тек сеніп.

 

Өмірді бір келер желіге балама,

Керектің барлығы осы деп қарама.

Өлшеусіз өмірдің, өрескел қатесін,

Ғаламтор шешеді деп досым санама.

 

Қолыңда санаулы уақытты өлтірген,

Алысты бүгінде қасыңа келтірге.

Ғаламның пайдасыз парқына жетем деп,

Алданба жандарға жаныңда желтірген.

 

Демеймін өзімді желіден алыстау,

Бастысы өлшеулі уақытпен жарыспау.

Бос шақта пайдасын тексеріп қарағын.

Маңызды теңдеусіз тылсыммен алыспау.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді