jasqazaq.kz

Үш айда мемлекеттік бюджет кірісі 17%-ға өсті 

14 сәуiр, 11:04

 

Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мемлекеттік қаржының атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізгі баяндаманы қаржы министрі Мәди Такиев жасады. Оның мәлімдеуінше, трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 6,4 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 931 млрд теңгеге артық.
Нақтырақ айтқанда, ол республикалық бюджет 4,2 трлн теңге түсімді қамтамасыз ете отырып, 102%-ға атқарылғанын атап өтті. Түсімге сыртқы факторлар айтарлықтай әсер етті: мұнайдың орташа бағасы барреліне $80,6 болғанда, экспорттық кедендік баж салығы бойынша қосымша 40,5 млрд теңге өндірілді. Сонымен қатар теңге бағамының неғұрлым күшеюі (540 болжам бойынша бір доллар үшін 497,7) республикалық бюджет кірісін 146 млрд теңгеге шектеді.
Мәди Тәкиев: «Есепті кезеңде мемлекеттік қаржының тұрақтылығы, барлық әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы қаржыландыру, өңірлерді қолдау қамтамасыз етілді. Толық көлемде және басым тәртіппен мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру 1,8 трлн теңге көлемінде қамтамасыз етілді. Негізгі басымдық – қаражатты қарапайым игеруден қаржыландыруға көшу», — деді.
JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар