jasqazaq.kz

ҰҚК: Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді

30 наурыз, 10:52

Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды. Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг апиын, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсорлар бар.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 ҚР азаматы және 8 шетелдік ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді