jasqazaq.kz

Түркістанда дәрігерлер 28 мыңнан аса жалған консультация жасап, 91 млн теңге алған

Бүгін, 11:49

Түркістан облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алу және жұмсау фактілерін анықтады.

Лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді сапасыз әрі тиісті деңгейде көрсетпеу жағдайлары белгілі болды. Мәселен, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз «офтальмолог», «гастроэнтеролог», «аллерголог», «уролог», «психиатр», «гематолог», «генетик», «қан тамырлары хирургы», «нейрохирург», «нефролог», «инфекционист», «невропатолог», «эндокринолог», «хирург», «кардиолог», «фтизиатр», «рентгенолог», «ревматолог», «онколог» мамандарының атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.

Аталған факт бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеуді аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген. Тергеу нәтижесінде келтірілген залал толық өтелуіне байланысты іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Сонымен қатар 203 млн теңге көлемінде стоматологиялық қызметтерді жалған көрсету фактілері анықталды. Екі аффилирленген клиника өздеріне формалды түрде үш дәрігерді рәсімдеп, электрондық төлем жүйесіне жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп 40 мың жалған стоматологиялық қызмет енгізген.

— Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке «қызмет көрсеткені» тіркелген. Қарсы тексерулер мен пациенттерден алынған жауаптар мұндай деректердің жалған екенін растады. Аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, материалдар сотқа жолданды, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

inform.kz

Бүгін, 15:51
«Закон и порядок»: лекцию о цифровой безопасности провели для столичных школьников
10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников