jasqazaq.kz

Түркістанда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті (Видео)

31 наурыз, 14:34

Түркістан қаласында 9-сынып оқушысы Хасен Марданның жоғалып кеткеніне бір аптадан асты. Жасөспірім 21 наурыз күні үйінен шығып кеткен, ал 23 наурыздан бері одан ешқандай хабар болмаған.

Жоғалған баланың анасы көз жасына ерік беріп, ұлының мұндай қадамға өз еркімен баруы мүмкін емес екенін айтты. Оның сөзінше, Мардан – сабақты жақсы оқитын, үйінен себепсіз кетіп қалмайтын бала.
«Төрткүлден Түркістанға қарай 21 күні достарына барамын деп шығып кеткен. Ертесі күні хабарласқанымда суретін жіберуін сұрадым. Мұңды болып көрінді. Үнемі байланысып тұрдым. 23 күні таңертең қайтарда дос баласымен автовокзалға бара жатып, бұрылып кетеді басқа жаққа. Ұлым ешқашан бұлай істемейтін еді. Қайда жүргенін білмейміз», – деді анасы.
Әкесі де бірнеше күннен бері ұлынан хабар ала алмай отырғанын жеткізді. Қазіргі уақытта туыстары мен жақындары оны жан-жақты іздестіріп жатыр.
Отбасы мүшелері мен жақындары тұрғындардан көмек сұрайды. Көрген-білгендер болса, дереу полицияға немесе төмендегі байланыс нөміріне хабарласуларыңызды өтінеді. Әрбір ақпарат маңызды.
Байланыс нөмірі: 8 778 292 31 63 (әкесі)

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Дереккөз: shyndyq.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар