jasqazaq.kz

Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

16 сәуiр, 16:47

Теміртауда ЭКСЖ аясында жылу желілерін қайта құру бойынша алғашқы пилоттық жобаларының бірі аяқталды. Соның арқасында екі шағын аудан мен Отрадное кентінің тұрғындары көп жылдан бері алғаш рет қыстан апатсыз шықты, деп хабарлайды ЭКСЖ жобалық кеңсесі.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,64 шақырым ЖМ-2А жылу желілері қайта жаңартылды. Бұл магистраль 36 жыл бұрын салынған және содан бері мұнда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Соңғы 5 жылда бұл учаскеде 31 зақымдану тіркелген.
ЭКСЖ жобасы аясында жүргізілген жаңғырту жұмыстары металлургтер қаласындағы жылу желілерінің жалпы тозу деңгейін 75%-дан 73,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш аз болып көрінгенімен, іс жүзінде 7,2 мыңнан астам тұтынушы (жеке және заңды тұлғалар, 3 мектепке дейінгі балалар мекемесі, емхана, орта мектеп) оң өзгерісті сезінді.
«Нысандағы жұмыстар аяқталды. Құрылыс кезінде барлық жұмыс жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында жылу магистралі пайдалануға берілді. Аталған учаскеде құбырдың жарылуы мен жылудан ажырату жағдайлары тіркелген жоқ», – деп хабарлады ТМРК өңірлік департаментінен.
Айта кетейік, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20% қысқартуға бағытталған.
JQ-Aqparat

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы