jasqazaq.kz

Тарихқа тағзым — ұрпаққа аманат

17 сәуiр, 11:08

Қызылорда облысында 483 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 31 ескерткіш республикалық маңызға ие болса, 398 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Ал 54 нысан алдын ала есепке алынған тарихи мұралар қатарында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің басшысы Ерғазы Алданазаров баяндады.
«Тарихи-мәдени мұра ұлттың рухани қазынасы. Оны сақтау тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біз әрбір ескерткішке өткеннің үнсіз куәгері ретінде қарап, оны болашаққа аман жеткізуге жауаптымыз. Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, сақ дәуірінің ірі орталықтарының бірі Бәбіш мола, оғыздардың астанасы Жанкент және қыпшақ пен қазақ хандықтарының ордасы болған Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Жаңақорған ауданындағы Сығанақ және Қазалы ауданындағы Кескен күйік қалашықтарында ғылыми зерттеулер жалғасады. Алдағы жоспарлар қатарында ірі реставрациялық жұмыстар да бар. 2026 жылы республикалық бюджет есебінен Сығанақ қалашығы мен Бақатам кесенесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі» — деді Ерғазы Жарылқасынұлы.
Айта кетейік, 18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Атаулы күн алғаш рет 1984 жылы атап өтіліп, 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар