jasqazaq.kz

Таразда әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен: жасөспірім қаза тапты

12 мамыр, 17:20

Тараз қаласында түнгі уақытта болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жасөспірім көз жұмып, тағы екі кәмелетке толмаған бала түрлі жарақат алды.

Қайғылы оқиға бүгін шамамен сағат 03:10 шамасында «Балташ» мейрамханасының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып шығып, достарымен қыдыруға кеткен.
Полиция басқармасының ресми мәліметіндегі нұсқаға сәйкес, жүргізуші Жамбыл даңғылы бойымен келе жатып, көлікті басқара алмай, бетон электр бағанасына соғылған.
Апат салдарынан көліктегі 16 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ол Тараз политехникалық колледжінің студенті болған. Тағы бір жасөспірім жабық аяқ сыну жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның №67 мектептің оқушысы екені белгілі болды. Ал көлікті басқарған жасөспірім бас-ми жарақатын және ми шайқалуын алған.
Белгілі болғандай, жол апатына қатысқан барлық жасөспірімдер кәмелет жасына толмаған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі — абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді