jasqazaq.kz

Сыр өңірінде «Тағзым орны таза болсын. Рух пен тазалық — егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті

19 сәуiр, 15:05

Бүгін Қызылорда облысында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акциясы өтті.

Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен көпшілік зират ететін барлық аумақтарға көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, қоршауларды ретке келтіру, жолдарды тазалау және жөндеу секілді жұмыстар да жүргізілді.

Сауабы мол игі шараға барша облыс тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ассамблея, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар белсене қатысты.

Президентіміз «Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады», – деп, жалпыұлттық бағдарлама айналған бастаманың мәнін ашып берді.

Киелі орындарды зират етудің бұрыннан қалыптасқан ережелері бар. Оның ең негізгісі тазалықпен байланысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген даналық өткенге құрмет көрсетудің маңызын ұғындырады.

Халқымыздың дүниетанымында қорымдар тек жерлеу орны ғана емес, дүниеден өткендерге құрмет көрсететін, ата-баба рухына тағзым ететін қасиетті жер. Сондықтан кесенелердің, қорымдардың тазалығына, қараусыз қалмауына ерекше мән беріледі.

Осындай тағылымды бастамалар арқылы қоғамда тазалыққа деген жауапкершілік артып, ұлттық құндылықтарымызға құрмет нығая түседі.

Айта кету керек, облыста 72 нысан киелі орындар тізбесіне енгізілген. Қасиетті кесенелерге жергілікті бюджеттен және демеушілердің қолдауымен реставрациялық, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, келушілерге ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында инфрақұрылымдары жақсартылды.
Акция аясында аймақтағы 200-ге жуық қасиетті орындар мен зираттардың аумағын тазалау жұмыстарына 20 мыңнан аса тұрғындар белсенді қатысты.
Бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы