jasqazaq.kz

Шымкенттік студенттерге киберқылмыстан сақтану жолдары түсіндірілді

08 сәуiр, 8:36

​Шымкентте интернет-алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алуға бағытталған маңызды іс-шара өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған бұл жиынға Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мұрындық болды.

​Кездесуге қалалық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары қатысты. Жиын студенттердің цифрлық ортадағы қауіп-қатер туралы сауатын арттыру мақсатында қолға алынып отыр.
​Жиын барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әсіресе, қаскөйлердің жеке мәліметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін фишингтік сілтемелерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, алаяқтардың өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, құпия ақпаратты иемденуге тырысатын айла-шарғылары талданды.
​Мамандар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі қауіп-қатерлерге де тоқталды.
Жастарға күдікті хабарламаларды қалай тануға болатыны және қаржылық шығынға ұшырамаудың жолдары үйретілді. Түсіндіру жұмыстары аясында нақты мысалдар келтіріліп, жеке мәліметтерді қорғау бойынша кеңес берілді. ​
​ — Алаяқтар полиция, банк немесе пошта қызметкері болып хабарласып, SMS-кодтарды сұратады. Сол кодтар арқылы олар азаматтардың атына несие рәсімдейді немесе шоттағы қаражатты жымқырады. Мысалы, олар «сіздің шотыңызға шабуыл жасалып жатыр» деп сендіріп, ақшаны өздерінің «сақтандыру шотына» аударуды өтінеді. Мұндай қаражаттың көбі шетелге кететіндіктен, оны қайтару өте қиын. Сондай-ақ, жастарға ескертеріміз: сыйақы үшін өз картасын немесе реквизиттерін біреуге пайдалануға беру (дропперлік) қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Тіпті, сіз оның қылмыстық мақсатта қолданылатынын білмесеңіз де, заң алдында жауап бересіз, — деп атап өтті
Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Сәдібеков.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруда және киберқылмыс деңгейін төмендетуде маңызды рөл атқарады.

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы