jasqazaq.kz

Шымкенттен 27 азамат әскерге аттанды

09 сәуiр, 18:08

Шымкент қаласында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың қатары тағы бір топпен толықты. Бұл жолы 27 азамат Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қабылданып, салтанатты түрде әскерге шығарып салынды. Бұл – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты әрі мәртебелі қызмет. Олардың әрқайсысы Отан алдындағы борышын өтеуге бел буып, үлкен сенім жүгін арқалап жолға шықты.

Жас сарбаздардың қатарында студент Әнуарбек Аязхан да бар. Ол бұл шешімді кездейсоқ қабылдамаған. Аязханның айтуынша, оның бұл жолды таңдауына әскери қызмет атқарған атасы ықпал еткен. Отбасындағы әскери дәстүр мен елге деген құрмет жас жігіттің бойында ерте қалыптасқан.

– Мен атамды үлгі тұтамын. Атама қарап өстім. Оның әскери өмірі, тәртібі мен жауапкершілігі мені әрдайым жігерлендірді. Сондықтан, мен де Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарғым келеді, – дейді Аязхан.

Мемлекеттік күзет қызметі – жоғары тәртіп пен төзімділікті талап ететін сала. Бұл қызметке іріктелген азаматтар физикалық және моральдық тұрғыдан мықты болуы тиіс. Олар елдің маңызды нысандары мен жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі барысында олардың жақындары мен туған-туыстары ізгі тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі. Бұл күн – тек сарбаздар үшін ғана емес, олардың отбасы үшін де маңызды сәт.

Осындай жалынды жастардың арқасында елдің қауіпсіздігі нығайып, болашағы берік бола түсетіні анық. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Ал, оны абыроймен атқару – үлкен құрмет.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар