jasqazaq.kz

Шымкентте Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

09 мамыр, 12:58

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар және қала тұрғындары мен қонақтары, қатысып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 35748 әскери бөлім оркестрінің Мемлекеттік Гимнді орындауымен басталды. Іс-шара барысында жиналған қауым майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі, қалалық мәслихат төрағасы, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, қатысушылар «Жұлдыз» және «Ұшақ» ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, «Даңқ» аллеясын аралады.

Жеңіс күні – майдан мен тылдағы жанқиярлықтың, елдік пен ерліктің символы. Қазақ халқы қай кезеңде де Отан қорғауды қасиетті парыз санаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мыңдаған қазақстандық майданға аттанып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір жолында жанқиярлықпен күресті. Олардың қатарында Шымкент өңірінен шыққан көптеген қаһарман жауынгерлер де бар.

Айта кетейік, жүзден астам жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанса, бес жүзге жуық азаматқа Батыр атағы берілген. Он мыңдаған қазақстандық жауынгерлік ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Іс-шара барысында тұрғындар майдангерлер мен тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіп, бейбіт өмір сыйлаған аға буынға шынайы алғыстарын білдірді.

Қасіретті соғыс жылдарының ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен ардагерлердің ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ел жадында мәңгі сақталатын тарихи тағылым.

Бүгін, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
Бүгін, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура
Бүгін, 13:58
В Туркестане обсудили реализацию новых инфраструктурных и туристических проектов
Бүгін, 13:55
Туркестан делает ставку на цветочную индустрию: интерес китайских инвесторов может изменить экономику региона
16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)