jasqazaq.kz

Шымкентте жастардың репродуктивтік денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды

23 сәуiр, 16:48

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Салауатты өмір – саналы ұрпақ негізі» атты ауқымды кездесу өтті. Жиын барысында жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау және жауапты өмірлік ұстаным қалыптастыру мәселелері қаралды. Іс-шараға медицина мамандары, психологтар және сала сарапшылары қатысып, салауатты өмір салтының ана маңыздылығын түсіндірді.
Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Серікбай іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
«Бүгін қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждерден 500-ден астам студент қызды шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Біздің мақсатымыз – тек ерте жүктіліктің алдын алу емес, жастарға білікті мамандардан тікелей жауап алуға мүмкіндік беру. Мұндай кездесулер жыл бойы білім беру ұйымдарында өткізіледі, ал бүгінгі формат қалалық деңгейде кең қамтуды көздейді», – деді ол.

Кездесу барысында акушер-гинеколог Феруза Исрайыл жас ағзаның физиологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, әйел ағзасының ана болуға толық дайын кезеңі орта есеппен 22 жастан басталатынын атап өтті. Сондай-ақ маман ерте жүктіліктің анемия, гормондық бұзылыс және репродуктивтік денсаулыққа ұзақ мерзімді қауіп төндіретінін ескертті.

Психолог Марал Жұмагелді жастардың психологиялық тұрақтылығы мен жеке шекараны қалыптастыру тақырыбында баяндама жасап, әр адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін айтты. Мамандардың пікірінше, ішкі тұрақтылық пен дұрыс шешім қабылдау қабілеті жастардың өмірлік мақсаттарына жетуіне тікелей әсер етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар мамандарға ашық форматта сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Сарапшылар салауатты өмір салтын ұстану мен өз денсаулығы туралы дұрыс білім алу – берік отбасы мен жарқын болашақтың негізі екенін атап өтті.

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы