jasqazaq.kz

Шымкентте Ұлттық кітап күніне орай үздік оқушылар марапатталды

23 сәуiр, 21:54

Шымкент қаласында Ұлттық кітап күні аясында жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған бірқатар ауқымды мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан «Сапалы білім» жобасы шеңберіндегі әдеби байқаулар ерекше маңызға ие болды.

Аталған жоба аясында оқушылар арасында «Абай оқулары», «Жыр додасы», «Жыр бұлағы – сөз сыры» және «Озық ойлы ұлт» атты байқаулар өткізіліп, олардың қалалық кезеңі қорытындыланды. Бұл зияткерлік сайыстар жасөспірімдердің әдебиетке қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бастамалар Мемлекет басшысы ұсынған «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

– Бұған дейін тек «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылып келсе, 2025–2026 оқу жылында бұл жоба аясында қосымша бірнеше бағыт енгізілді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жас буынды байқауға дайындап жүрген ұстаздардың еңбегі зор, – деді Сәрсен Құранбек.

Іс-шара барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің бай мұрасын насихаттап, өздерінің білімдері мен өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Әсіресе, «Абай оқулары» байқауы арқылы оқушылар ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларын терең меңгеріп, көркем сөзге деген құрметтерін арттырды. Ал «Озық ойлы ұлт», «Жыр бұлағы – сөз сыры» және «Жыр додасы» байқаулары жас таланттардың тілдік дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді.

Байқаулар бірнеше кезеңнен тұрып, нәтижесінде үздік оқушылар анықталды. Атап айтқанда, қалалық кезеңде «Озық ойлы ұлт» эссе байқауына 18 оқушы қатысып, оның 9-ы жүлделі орынға ие болды. «Жыр бұлағы – сөз сыры» байқауы бойынша 24 жеңімпаз анықталды. «Абай оқулары» байқауына 23 оқушы қатысып, олардың 9-ы үздік деп танылды. Ал «Жыр додасы» байқауына 108 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы жеңімпаз атанды.

Салтанатты жиын қорытындысында байқау жеңімпаздары мен олардың жетекшілеріне дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, мұндай мәдени-әдеби бастамалар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың сыни ойлау қабілеті мен рухани деңгейін көтеруге зор ықпал етеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт