jasqazaq.kz

Шымкентте «Таза Қазақстан» аясында республикалық экологиялық акция өтті

25 сәуiр, 14:29

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында республикалық экологиялық акция ұйымдастырылып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір өтті.

Тікелей эфир барысында еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жұмыстар таныстырылды. Мемлекет басшысы табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, өткен жылы республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылып, 4 миллионға жуық ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, игі бастамаға 800 мыңға жуық ерікті жастар қатысқан.

Президент өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке баулу қажеттігін ерекше атап өтіп, Оқу-ағарту министрлігіне «жасыл сабақтар» жобасын енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында табиғатты қорғау, су мен энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастырудың өзектілігіне назар аударды.

Республикалық акция аясында Шымкент қаласының тұрғындары да белсенділік танытты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековбастаған жұртшылық А.Асқаров атындағы Дендросаябақ аумағынан тікелей эфирге қосылды.

Аталған аумақта өткен жалпы қалалық акцияға 2000-нан астам адам, оның ішінде жастар, еріктілер, эко-белсенділер, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және қоғам өкілдері қатысты. Іс-шара барысында дендросаябақ аумағы тазартылды. Жұмыстарға 72 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, жиналған қалдықтар толықтай шығарылды.

Жалпы қала бойынша өткен сенбілікке 55 мыңға жуық тұрғын қатысып, 352 бірлік арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 401 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті егілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы бастау алғаннан бері Шымкентқаласында кең қолдау тауып келеді. Бүгінгі таңда экологиялық акцияларға 660 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 152 мың түп ағаш көшеті мен 1,6 миллион қызғалдақ егілді.

Сонымен қатар, қалада экологиялық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, бұрынғы қоқыс полигоны орнында аумағы 45 гектарды құрайтын заманауи ЭкоПарк құрылысы жүргізілуде. Қаланың көркін арттыру мақсатында өткен жылы 46 гүлзар ашылып, 15 жаңа субұрқақ іске қосылды. «Қошқар ата» өзені арнасын тазарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жағалауы абаттандырылуда.

Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бағытында да нақты шаралар қолға алынған. Қазіргі таңда қалада тәулігіне 1000 тонна қалдық өңдеуге қауқарлы зауыттың құрылысы жүргізілуде.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қаланың көркеюіне оң әсер етуде.

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы