jasqazaq.kz

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өтті

08 сәуiр, 15:43

Бастамалар білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Қалалық Білім басқармасына қарасты «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінде өткен іс-шара барысында студенттер тұрмыстық қалдықтардың зияны туралы ақпараттық жұмыстар жүргізді. Ерекше форматта дайындалған хаттар пластик пакет пен бөтелкенің атынан жазылып, олардың табиғатқа тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттер флешмоб ұйымдастырып, табиғат туралы өлеңдер оқыды және салауатты өмір салтын насихаттайтын жобаларын таныстырды.

Іс-шара аясында тәжірибелік сабақтар өткізіліп, өңірдің экологиялық мәселелері талқыланды. Кітапханада арнайы көрме ұйымдастырылып, табиғатты қорғауға қатысты материалдар ұсынылды.

Осы бағыттағы жұмыстар №89 IT мектеп-лицейінде де жүйелі түрде жүргізілуде. Мұнда экологиялық сабақтар өтіп, оқушыларға қалдықтарды сұрыптау мен қоршаған ортаны қорғау жолдары түсіндірілді. Лицей аумағында 18 арнайы контейнер орнатылып, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

Сонымен қатар, мектептегі жылыжай мен зертхана оқушыларға тәжірибелік білім алуға мүмкіндік беруде. Олар заманауи агротехнологияларды меңгеріп, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, мұндай бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын нығайтуға ықпал етуде.

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті