jasqazaq.kz

Шымкентте «Шаңырақ шаттығы-2026» фестивалі өтті

22 сәуiр, 11:03

Шымкент қаласында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Шаңырақ шаттығы – 2026» атты мерекелік фестиваль өтті.

Фестивальдің негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты дәріптеу және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

Іс-шарада Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшы орынбасары Тоқтар Әмірқұлов құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.

«Қоғамдық келісім мен этносаралық татулық – еліміздің тұрақты дамуының басты негізі. Осындай мазмұнды іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді», – деді Орынбай Рахманбердиев.

Фестиваль аясында «Алтын шаңырақ отбасы» номинациясының иегері Үсентаев Рахымның отбасы марапатталып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсетті. Сонымен қатар, қонақтарға мерекелік дастархан ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Аталған фестивальге мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, қоғамдық ұйымдар, өнерпаздар, қолөнер шеберлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы