jasqazaq.kz

Шымкентте республикалық олимпиада басталды

10 сәуiр, 14:36

⁣⁣Бүгін Шымкент қаласында «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 10–11 (12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада басталды. Аталған білім сайысы құқық негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәндерін қамтиды.⁣⁣
⁣⁣
Республикалық олимпиаданың басты мақсаты – қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылығы жоғары, дарынды әрі қабілетті оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейдегі білім додаларына қатысатын үздік оқушыларды іріктеп, жүйелі түрде даярлау болып табылады.⁣⁣
⁣⁣
Республикалық олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен дарынды оқушылар жиналды. Биылғы білім бәйгесіне 270 оқушы, оның ішінде Шымкент қаласынан 12 оқушы қатысып, өзара білімін сынауда. Бұл – білім мен бәсекеге толы, дарынды жастардың басын қосқан ауқымды іс-шара. Қатысушылар өз білімдерін сынға салып қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа достық байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.⁣⁣
⁣⁣
Үш күнге созылатын іс-шара аясында оқушылар үшін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама да ұйымдастырылған. Қатысушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар, экскурсиялар және танымдық кездесулер жоспарланған. Олимпиадаға қатысушылар Шымкент қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап, өңірдің бай тарихымен, рухани мұрасымен жақынырақ танысатын болады.⁣⁣
⁣⁣
Осылайша, Шымкентте өтіп жатқан білім бәйгесі – тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар, жас ұрпақтың мәдени-рухани дамуын көздейтін маңызды алаң. Осындай игі бастамалардың нәтижесінде республикалық олимпиада дарынды жастардың білімін шыңдап қана қоймай, олардың тұлғалық және рухани дамуына да зор ықпал ететін маңызды алаңға айналып отыр.⁣⁣

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар