jasqazaq.kz

Шымкентте өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін, 14:14

Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамту мақсатында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік сектордан 50-ден астам мекеме қатысып, 3000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарынан келген жұмыс берушілер де қатысып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен ерікті қоныс аудару бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берді. Әсіресе, «Шығыс шақырады» бағдарламасы аясында шығыс өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтарға арналған қолдау тетіктері жан-жақты таныстырылды.

Бағдарлама шеңберінде қоныс аударушыларға 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру, «Шығыс маманы» бағдарламасы бойынша жылдық 5% мөлшерлемемен 10 жылға дейін жеңілдетілген ипотека ұсыну, сондай-ақ кәсіп ашуға және жаңа ортаға бейімделуге жағдай жасау көзделген. Бұдан бөлек, 10 мамыр күні шығыс өңірлердің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін таныстыру мақсатында арнайы ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Арайлым Керімбекқызының айтуынша, өңірлік бағдарлама аясында қоныс аударған азаматтарға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, гранттар беру, тұрақты жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, жоғары білікті мамандарды тартуға ерекше басымдық берілуде.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады. 2026 жылы 31 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған, қазіргі уақытта бұл көрсеткіштің 37,6%-ы орындалды. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ, қалада кәсіпкерлікті дамыту, кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру және субсидияланатын жұмыс орындарын құру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жалпы, 2026 жылы Шымкентте 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
21 сәуiр, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год