jasqazaq.kz

Шымкентте «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті

29 сәуiр, 18:36

28–29 сәуір күндері Шымкент жастар театры сахнасында «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті.

Қойылымда Абай Құнанбайұлы мен Махамбет Өтемісұлы шығармашылық мұрасы тоғыстырылып, ұлттық рух, тарихи жады және қоғамдық сана мәселелері заманауи театр тілі арқылы көркем бейнеленеді.

Бұл жоба – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің (Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен) дуалды оқыту аясындағы алғашқы сахналық жұмысы.

Қоюшы режиссері – Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Аталған жоба Аида Балаева жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындаған мәдени саясаттың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи театр өнерін дамытуға бағытталған.*

«Қалың елім, қазағым…» қойылымы – театрдың шығармашылық ізденісін айқындайтын және жас көрерменнің рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды жоба.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар