jasqazaq.kz

Шымкентте өзін «ЭТҚ қызметкері» ретінде таныстырып, 25 млн теңгені иемденген күдікті ұсталды

04 мамыр, 10:43

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.

Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.

 

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді