jasqazaq.kz

Шымкент: «Заң — қоғамның қорғаны» атты кездесуге 600-ге жуық жас қатысты

20 сәуiр, 19:44

Шымкентте «Заң — қоғамның қорғаны» атты кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесуге жалпы саны 600-ге жуық жас қатысып, қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

Іс-шараның модераторы ретінде Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман сөз сөйлеп, заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығындағы маңызын атап өтті.

Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында:
– Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің штаб басшысы, полковник Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы;
– Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, подполковник Бауыржан Қанатұлы Карбеков;
– Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Турлыби Нұрым Ұланұлы;
– «Миллион» жайдарман командасының мүшесі, блогер Мансар Орынхан болды.

Спикерлер заң талаптарын сақтау, қаржылық алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысының қоғамға зияны, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылды.

Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда