jasqazaq.kz

Шымкент: Тұран ауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде

06 мамыр, 17:28

2026 жылы Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жалпы жер көлемі 36 300 гектарды құрайтын ауданда бүгінде 22 шағын аудандағы 39 357 жеке тұрғын үй мен 548 көпқабатты тұрғын үйде 232,7 мың тұрғын өмір сүруде. Аумақта 1 229 көше және 293 әлеуметтік нысан орналасқан.

Инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіштері кезең-кезеңімен жақсарып келеді. Атап айтқанда, аудан толықтай, яғни 100 пайыз ауыз сумен және электр жарығымен қамтамасыз етілген. Табиғи газбен қамту деңгейі 86,4 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 19 шағын аудан табиғи газға қосылған. Айкөл шағын ауданы газбен қамтылмаған болса, Жаңаталап шағын ауданы мен жаңа құрылыс аумақтары жартылай қамтылған. Жалпы қамтылмаған аумақ үлесі 13,6 пайызды құрайды. Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағын аудандарында газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 2027 жылы аудан толықтай табиғи газбен қамтылады.

Кәріз жүйесімен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Қазіргі таңда 13 шағын аудан кәріз жүйесіне қосылып, қамту деңгейі 59,1 пайызды құрап отыр. Ал 9 шағын аудан, яғни 40,9 пайызы кәріз жүйесімен қамтылмаған. Осы бағытта Табынбаев, Айменов, Үсенов, Алтынсақа, Қастеев, Мелдіқожаев және Бүркітбаев көшелерінде, сондай-ақ Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелерінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар 2026–2027 жылдары жүргізіледі. Сонымен қатар, 112 орамда кәріз жүйесінің жобасын әзірлеуге қаржы қарастырылып, биыл жобалау жұмыстары аяқталып, 2027–2028 жылдары құрылыс жүргізу жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымы толықтай реттелген. Аудандағы 1 229 көше 570,4 шақырымды құрайды және 100 пайыз асфальтталған. 2026 жылы 80 көшеде, жалпы ұзындығы 47,2 шақырым болатын жол жамылғыларын реттеу ұсынылып, қазіргі таңда 25 көшеде тиісті жұмыстар атқарылуда. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылы 24 көшеде 21,8 шақырым аяқ жол салу жоспарланған.

Сонымен қатар, аудан аумағында ирригациялық жүйелерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 40 көшеде жалпы ұзындығы 21,235 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйе орнату жоспарланған. Аудандағы көшелер толықтай жарықтандырылған. «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жарықшамдардың тұрақты әрі уақтылы жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды