Шымкент: Шағын кәсіпкерлік – қала экономикасының драйвері

23 сәуiр, 16:08

Тұрақты даму жолына түскен мемлекетің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасында міндетті түрде шағын және орта бизнестің алға басуына басымдық берілуі тиіс. Шағын және орта кәсіпкерліктің кез келген елдің, тіпті аймақ пен қала экономикасының драйвері саналатыны бекер емес. Кәсіпкерліктің өркендеуі – мемлекет бюджетіне түсетін қомақты салық түсімі, өндірілетін немесе сырттан әкелінетін өнім, сонымен бірге жұмыс орындарының ашылуы. Сондықтан еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің қарыштап дамуына айрықша маңыз беріледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековты
қабылдағанда, қала басшысы өткен жылы 128 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейтіні туралы мәлімет келтірген болатын. Әкімнің айтуынша, былтыр кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан 19,8 млрд теңге сомасында 3498 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты бірқатар идеяларды ұсынып, перспективалы бағдарламаларды бекітіп берді. Президент тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылған кешенді шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні Шымқаладағы кәсіпкерлік құлашын кең жайып келеді. Айталық, аймақтық жалпы ішкі өнімінде қаладағы бизнестің үлесі 50 пайызға жетті. Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікке арнап өнеркәсіп аймақтарын ашу тәжірибесін өзге өңірлерге енгізу керектігі Үкіметте де айтылып жүр. Сондықтан Шымкент – шағын және орта бизнестің орталығы десек, еш қателеспейміз. Қала әкімінің айтуынша, индустриалдық аймақтарды өркендету жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады. «Бұл бір жағынан, тұрғындардың іскерлік қабілетін арттырады, екінші жағынан тұрғыдардың 30 пайызын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», — дейді ғабит Сыздықбеков.
Жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен өткен арнайы кездесуде де қала әкімі кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шараларын пысықтаған болатын. Биыл сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Әкім мемлекет тарапынан бизнес өкілдеріне барлық қолдау көрсетіліп отырғанын айтып, салықты дер кезінде және толық төлеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ шаһарда «көлеңкелі экономикамен» күресті күшейту қажеттігін, осы мақсатта бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілгенін, жеңілдікпен 90 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатынын атап өтті.

Айдос Құсайынұлы

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді