jasqazaq.kz

Шымкент: Полиция департаментінде «Сергек» жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

18 сәуiр, 20:51

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын «Сергек» қорғау және тор жүйесінің жұмыс нәтижелері мен оны одан әрі жетілдіру бағыттары қаралды.
«Сергек» жүйесі — қала аумағында орнатылған интеллектуалды бейнебақылау кешені. Ол көшелерде, жол қиылыстарында, тұрғын үйлер маңында және қоғамдық орындарда орналасқан «ақылды» камералар арқылы тәулік бойы бақылау жүргізеді. Жүйе жасанды интеллект технологияларының көмегімен жиналған деректерді өңдеп, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Кеңесте аталған жүйенің негізгі міндеттері ретінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін күшейту мәселелері атап өтілді.
Сонымен қатар, «Сергек» жүйесінің маңызды мүмкіндіктерінің бірі — автокөліктерді анықтау және іздестіру екені айтылды. Камералар көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде оқып, дерекқорлармен салыстырады. Іздестірудегі көлік анықталған жағдайда, тиісті қызметтерге жедел хабарлама жолданады. Бұл ұрланған немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар көліктерді қысқа мерзімде табуға мүмкіндік береді.
Жиын барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін автоматты тіркеу, апаттардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жүйенің рөлі ерекше атап өтілді.
Қазіргі таңда бұл жүйе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыспен күресте тиімді құралдардың бірі ретінде өз нәтижесін көрсетіп отыр.

Сурет: Шымкент ПД

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті