jasqazaq.kz

Шымкент: Мәдениет орталығы – салт-дәстүрдің қаймағы

22 сәуiр 2024, 13:29

Шырайлы Шымкент шаһарында теңдессіз мәдениет орталығы бар.

Қазақ халқының әдет-ғұрпы пен салт-дәстүріне арналған бірегей орталық Шымшаһардың төрінде, 2014 жылдың желтоқсан айында «Мәңгілік ел» идеясы шеңберінде бой көтерген. Әрі мұндай орталық елімізде біреу ғана.

Мәдени оталықта жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Мұнда сан ғасырдан өтіп, біздің заманымызға дейін жеткен рухани байлық бен мәдени мұраны кеңінен насихаттап, терең зерттеуге маңыз беріледі.

Орталық ғимараты Достық және Салт-дәстүр деп екі үлкен залға бөлінген. Қалған бөліктері зерттеу жұмыстарына арналған. Салт-дәстүр залында қала тұрғындары мен қонақтарына қазақтың салт-жоралғылары таныстырылады.

Орталық қызметкерлері кіре берісте бірден көзге түсетіні — жеті қазына мүсіні туралы былай деп түсіндіреді: «Атам қазақ жеті санын қастер тұтқан. Жеті қарақшыға қарап жолын тапса, жеті атасын танып, тарихын білген деген сөз бар. Соның ішінде, жеті қазынаның жігіттің өмірімен тікелей байланысы бар. Жүйрік аты — қанаты, қыран бүркіт — қуаты, құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі, берен мылтығы — қаһарлы оты, қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Астында 4 түліктің бейнесін көруге болады.
Қазақ бай болған, төрт түлікке сай болған».

Ал ұлттық салт-дәстүр залында қазақтың тұрмыс-тіршілігін, көшпелі өмір салтын, жалпы дүниетанымын бейнелейтін экспозициялар қойылған.

Онда қазақтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде пайдаланған бұйымдары, ыдыс-аяқ, төсек-орыннан бастап қару-жарағына дейін түгел қамтылған.

Шымкент қаласының мақтанышы саналатын салт-дәстүр орталығына дүниенің төртбұрышынан келген шетелдік туристер бір соқпай кетпейді. Олар еліміздің мәдени өміріне қызығушылық білдіріп, қазақтың ежелден келе жатқан мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысқанды жөн көреді.

Міне, осы орталыққа «Қызмет» салалық кәсіподағының директоры Бахтияр Спанов бастаған өкілдері де бас сұқты. Орталық мамандары кәсіподақ белсенділеріне «Ұлттық салт-дәстүр», «Қол өнер» залдарын аралатып, халқымыздың қасиетті де киелі саналатын киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетті. Қонақтар қазақтың дәмі — бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты.
Кәсіподақ мүшелері мәдени мұраларымызбен танысып, ерекше әсер алды.

Мақпал Махамет

Суреттер: Шымкент қаласы Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы

01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство