jasqazaq.kz

Шымкент қаласының суару жүйелері қалпына келтіріліп жатыр

19 маусым 2023, 9:56

Шымкент қаласына қарасты елдімекендерде тұратын шаруа қожалықтар көкөніс пен бақша дақылдарын баптаумен айналысады. Олардың алқаптарына ағын суды шығынсыз жеткізіп беру мақсатында суару жүйелері қайта жаңғыртылып жатыр.

Шымкент қалалық жайлы орта қалыптастыру басқармасының басшысы Ержан Жақсылықұлының айтуынша, қала аумағындағы шаруаларға ағын су жеткізу үшін ондағы каналдарды жөндеу, жаңарту бойынша құрылыс жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде екен.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанына тоқтала келіп: «Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайы одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес» дейді. Тиісті министрліктерге бұл саланы жетілдіру үшін үш жылдық жоба әзірленуді тапсырды. Ал бізде бұл жұмыстың басталғанына бір-екі жылдың жүзі болды. Шымкент қаласында 34 канал бар, оның жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайды. Бұл каналдардың құрылыс жұмыстарын бір жылда аяқтау мүмкін емес. Сондықтан біз 5 жылдық жоспар бекітіп отырмыз. 2023-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен каналдар бетондалып, құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда екі канал пайдалануға беріліп, су беру көлемі 2,5 текше метрге ұлғайды, — деді Е.Жолдасов.

Жалпы Шымкент қаласында жыл соңына дейін алты каналдағы құрылыс жұмыстар аяқтауды, жеті каналды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бұл каналдарды бетондалуының нәтижесінде ағын судың жерге сіңіп кетуі төмендемек.

«Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмысы төрт кезеңге бөлініп атқарылатын болады. Қалаға келетін БМК және Жаңа шек каналдарының бетондалған беті арқылы бірінші кезеңде Тәуке хан және Қазыбек би көшелерінің бойымен су жүргізіп көрмекпіз. Бұл жоспар жүзеге асатын болса, қаланың микробелдеуі 60-55 пайызға артады» –деді Е.Жақсылықұлы.

Басқарма басшысы әңгіме барысында өз саласына байланысты қаладағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, шаһардағы көпжылдық ағаштарды күтіп ұстау, көгалдандыру мәселелері жайында да жоспарларымен бөліскен еді. Оның айтуынша өткен қыс айларының аязды болуы қаладағы біршама ағаштарға зиян тиіпті. Атап айтсақ этносаябақтағы 5 мыңнан аса эльдар қарағайының 700-ін кесуге тура келген. Қалғандарын емдеу арқылы қалпына келтіруде екен. Ағаштардың қурауына климаттық өзгеріс себеп болған деседі.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее