jasqazaq.kz

ШҚО драма және оперетта театры Астанада алғаш рет «Mamma Mia!» спектаклін ұсынады

14 сәуiр, 10:44

17 сәуір күні Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында көрермен назарына жарқын музыкалық «Mamma Mia!» спектаклі ұсынылады.
Театрдың оперетта труппасы небәрі екі жыл бұрын құрылғанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде жергілікті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ұжымға айналды. Енді шығармашылық ұжым өз өнерін елорда көрерменіне алғаш рет ұсынбақ.
Қойылымға театрдың жетекші солистері, хор, балет және симфониялық оркестр қатысып, сахнада кең ауқымды әрі әсерлі музыкалық көрініс жасайды.
Спектакльдің негізін әлемге әйгілі ABBA тобының хит әндері құрайды. Жанды музыка, шынайы эмоция және ерекше сахналық шешімдер көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайды.
«Mamma Mia!» — махаббат пен өмір қуанышын дәріптейтін, көрерменді жарқын сезімге бөлейтін әсерлі қойылым.
JQ-Aqparat 

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар