Әсем Сағындықова Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

               

   «Мен және ғаламтор»

 

Негізінен ғаламтор  ұғымы XX ғасырда пайда болды және тез жүретін пойыз секілді жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Қазіргі кезде XXI ғасырда көптеген жастардан еңкейген қарт кісіге дейін осы ғаламторды  қолданады. Негізінен менің ойымша ғаламтордың пайдалы жағыда, пайдасыз жағыда бар. Өйткені пайдалы жағы қазіргі таңда осы ғаламтор арқылы әлемде болып жатқан барлық жағдайды білуімізге, осы ғаламтор арқылы мәліметтер алуымызға неше түрлі Instagram, WhatsApp сияқты ғаламтор желілеріне кіруімізге, тіпті ауа – райында осы ғаламтордан қарауымызға болады. Сөздің шыны керек егер сіздің единицаңыз (телефон бірліктеріңіз) болмай қалса,  бірақ, досыңызға дереу хабар айтуыңыз керек болса не істер едіңіз? Одан шығатын бірден бір жол мегабайтыңыз болса немесе Wi-Fi ұстайтын жерде болсаңыз WhatsApp желісін пайдалану деп ойлаймын. Егерде қазіргі заманда ғаламтор болмаса біз шетелде оқып жатқан балаларымызбен, жақын туыстарымызбен, оларды сағынсақ қалай сөйлесеміз? Білемін, ұялы телефон бар, бірақ онымен біз олардың бет жүзін көріп сағыныштарымызды баса алмаймызғой, сондықтанда тағы да көмекке келетін ғаламтор желісі бар. Мен ғаламтордың ешқандай зияны жоқ деп айта алмаймын. Себебі қазіргі кезде көптеген жастар ғаламтор желісінде неше түрлі ойындарға, сайттарға кіріп жатыр. Әрине өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға әрине ол өте зиян, ол жасөспірім шақтарында бала психологиясына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде көптеген студенттер кітапханаға бармай, ғаламтордан керекті мәліметтерін тез тауып алады. Бұл бір жағынан уақытты үнемдейді, бірақ оларда ізденіс болмайды. Ізденген тақырыптарын шығарып бере салады. Одан жастардың сөздік қорлары азайып, өз ойлары болмайды. Тіпті психологтардың өздері адамдар ғаламтор желісіне күні – түні отырып, алдына неше түрлі тамақтарды алып келіп күннің қалай тез өтіп жатқанын білмей семіздік ауруына шалдығады дейді. Тіптен кейбірулері осы ғаламтордан шығынға яғни банкрот болып жатыр екен. Қазіргі кезде ғаламторды пайдалануды заман талап етіп отыр. Өйткені жұмысқа тұрар кезде міндетті түрде ғаламтор желісін білесіз бе? — деп сұрайды. Себебі барлық жұмыс жасайтын мекемелер ғаламтормен жұмыс жасайды. Тіптен қазіргі кезде қарапайым колледждерді, университеттерді тіпті кейбір мектептерді алып қарасақта бұрынғыдай бағаны журналға емес, ғаламтор желісіне кіріп, бағаны арнайы универ жүйесіне қояды. Мен өзімді алып қарайтын болсам мысалы мен,кітапханадан  таба алмаған мәліметтерімді ғаламтордан ала аламын. Мысалға сіз делік өтіп кеткен оқиға яғни көп жыл бұрынғы оқиғаны кітапханадан таба алмайсызғо, ол үшін арнайы мұрағатқа яғни архивке баруға тура келеді. Оған біреулері барады, бірақ көбісі бармайды. Себебі ол көп жұмысты талап етеді. Оданда ғаламторға барып, іздеп тауып алған дұрыс деп ойлайды. Ол небәрі көп дегенде жарты сағат уақытыңызды алуы мүмкін. Ғаламторға кіруіміз үшін бізге ең әуелі компьютер қажет. Ал бәріміз білеміз компьютер көзге өте зиян. Ғаламторда көп отырсақ, көзіміз, тіпті басымыз аурады. Сондықтанда компьтерге отырар кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтағанымыз жөн. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Бірақ қазіргі кезді бұл ережелердің көбісі сақталмайды. Барлығы дегенім дұрыс болмас, бірақ жастардың көбі осы ережені сақтамайды.  Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып,ғаламторды  қызықтайтындар да кездеседі. Ғаламтордағы онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін сіздерде  білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Ғаламтор ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтыруға болады деп ойлаймын. Менің ашуыма тиетіні қазіргі кезде ғаламторда неше түрлі жаман істерге бағыттайтын, ұятсыз қылықтар көрсететін бағдарламар, жарнамалар, сайттар толып кетті. Сол барлық сайттарды жауып тастаса деймін. Ал ғаламторда көп отырады, денсаулыққа зиян, психологияға әсер етеді дейді. Менің ойымша ол әр баланың ең бірінші отбасындағы тәрбиеден екіншіден баланың өзінің санасына байланысты деп ойлаймын. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға олардың өздерінің санасы болмаса оларға қанша ғаламторға отырма десеңде, олар оны ұқпайды. Заман талабына сай ғаламторды пайдалана біліп, оны қолдануымыз қажет. Бірақ қолданғанның өзінде арнайы шектеу болуы қажет. Жұмысқа керек уақытында, мүлдем кітапханада сабаққа қатысты мәліметтер жоқ болған жағдайда ғана ғаламтор көмегіне жүгінуіміз қажет деп ойлаймын. Сонымен менің айтарым ғаламтордың пайдасы және зияны да өте көп.

 

Өмірбаян

 

Мен Сағындықова Әсем 20.09.1995 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келгенмін. 2015 жылы Алматы қаласындағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түстім. Қазіргі таңда осы мамандықтың 2-курс студенті боламын.

 

 

 

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді