jasqazaq.kz

Садыр Жапаров Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

20 сәуiр, 15:08

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайты хабарлады.

Садыр Жапаров қазақ халқының ұлы перзенті, Қырғызстанның халық ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш Төтенше және Өкілетті Елшісі, Шыңғыс Айтматовтың және барша қырғыз елінің досы Мұхтар Шахановтың қазасы туралы қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтты.

«Мұхтар аға бауырлас қазақ елінің ғана емес, миллиондаған қырғыз жұртының да рухани ұстазы еді. Қырғыз жұртшылығы тағы бір асқар шыңынан, тағы бір рухани тірегінен айырылып, жүрегінің бір бөлшегін жоғалтқандай ауыр қайғыны бастан кешіруде. Мұндай ұлы тұлғалар туралы халықта: «Оның қазасымен тұтас бір дәуір кетті» дейді. Шынында да, Мұхтар ағаның мәңгілікке аттануымен күллі Түркі дүниесінен тұтас бір дәуір көшті.
Қазақ бабаларының еркіндік сүйгіш әрі әділ рухын бойына сіңірген Мұхтар аға Кеңес заманында да, одан кейінгі жылдары да шындықты ашық айтудан қаймықпай, туған Отанының тағдырын жанқиярлықпен қорғады. Қудалауларға қарамастан, ол шегінбеді және «Желтоқсан» оқиғасына қатысты өзінің принципшіл ұстанымын ерлікпен жеткізе білді. Оның қазақ пен қырғыз халқына бірдей жақын азаматтық үні мен поэзиясы тау мен даланың жаңғырығындай естілді. Оның ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовпен арадағы бауырластық қарым-қатынасы халықтарымыздың байланысын нығайтуда өшпес із қалдырғанын ерекше атап өткім келеді.

Қымбатты қазақ бауырлар! Отанына осыншама адал әрі ұлы перзентінен айырылған қаралы күні бауырлас қазақ халқына және ақынның туыстарына қайғыра көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

JQ-Aqparat

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы