Рысбек Жігер Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 4 курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Менің есімім ¬- Жігер. Мен қазіргі таңда студентпін.Өмірге деген көзқарасым,жетем деген жетістіктерім жетерлік.Армандарым,алға қойған мақсаттарым өте көп.Әрине,армандарымның барлығының орындалғанын қалаймын.Бірақ оның бәріне уақытым жетпейтін сияқты.Тек оған тез жетудің бір жолы-ол ҒАЛАМТОР желісі.Менің ғаламторға деген көзқарасым өте керемет.Өйткені күнде таңертең таңғы асымды ішіп болған соң,ғаламторға кіріп хаттарымды тексеріп,достарыма қайырлы таңның шуағын тілеп,жақсы жаңалықтарыммен бөлісемін.Себебі,әр таңды күліп қарсы алып,өмірге сүйіспеншілікпен қарап,айналамдағы адамдарды қуантып жүру — менің сүйікті істерімнің бірі.Осының барлығына маған ғаламтор желісі қатты көмектеседі.МЕН оған қуанамын,шаттанамын.Кейде көңіл-күйім жоқ,ұйқым дұрыс қанбаған кездері,ғаламтордан күш-қуат алып,жүрегіме жылу беретін ақпараттармен өз-өзімді қамтамасыз етемін.ҒАЛАМТОРМЕН әр күнім бір ертегі деп айтсамда болады.

Қазір ХХI-ші ғасыр.Бұл заманды ғаламторсыз елестету мүмкін емес.Оның үстіне мен сияқты жас жеткіншектерге өте қажет.ҒАЛАМТОР — ол бүкіл ғаламшарды байланыстырып тұрған жүйе.Қазіргі көріп жүрген жаңалықтарымыз,киноларымыз,естіп жүрген әндерімізге дейін ғаламтормен іске асып жатыр.Еліміздің мықты кәсіпкерлері өз тауарларын ҒАЛАМТОР арқылы сатып,дамып жатқан компаниялармен серіктес болып,жұмыссыз жүрген қаншама адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп жатқан жайы бар.Қазіргі таңда қай жерді қарасақ та ғаламтор желісі.Асхана,мейрамхана,жаттығу залдары,оқу орындары,кәсіпкерлік орталықтары және т.б жерлер де дамып,өз жұмысын атқарып жатыр.МЕН де киелі өнер саласында жүргендіктен,жиі қолданамын.Өйткені жұмысым,түсірілімдерім,жанкүйерлеріммен тілдесу осының барлығы ҒАЛАМТОР арқылы іске асып жатыр.
Әрине,ғаламтордың зиян жағы да бар деп жатады.Көптеген адамдар зардабын шегіп те жатыр.Бірақ мен ойлаймын,ол ғаламтордың қатесі емес.Жаман керексіз ақпараттарды басымызға қондырып,денсаулығымызға да кесірін тигізіп жатқан ол – өзіміз.Басқа еш нәрсе емес.Адам баласын АЛЛА тағала туылғанда ақыл-ой,сана-сезіммен жаратты.Адамның төрт-түлік малдан айырмашылығы да осы.Сондықтан кез-келген істі ақылға салып,жақсы-жаман жағын қарау керекпіз.Жақсы іс адамды алға жетелейді,кез-келген жақсы істің өз қайыры болады — деп марқұм атам айтушы еді.Сондықтан мен кез-келген істің тек жақсы жағын қарауға тырысамын.Бір шетелдік әртіс кісі :
“МЕН жан-жағымдағы барлық адамдарға өте жақсы көзқараспен қараймын,жақсы қасиеттерін бағалаймын,жамандығын мүлдем ойламаймын.Тек жаман қылықтарын,пасық ойларын олар өздері-ақ көрсетеді ” – деген екен.Мен бұл кісімен толықтай келісемін.Ғаламторға деген пікірім де осындай.Кез-келген істі жақсы жаққа бұрып,таңғажайып істер істеуге болады.Шіркін,барлық адамдар осылай ойласа ғой.Бұлда менің армандарымның бірі.Сондықтан ғаламтордың мен үшін атқаратын рөлі ерекше.
Қазақ елінде ҒАЛАМТОР желісі енді аяққа тұрып жатыр.Қазақ сайттары да бірте-бірте көбейіп келеді.Туған елімде ҒАЛАМТОР желісін дамытсам деген арманым да бар.Қазағымның өнерін,салт-дәстүрін,ұлттық тілін,баға жетпес құндылықтарын бүкіл әлем танып,мойындап,ғаламтордан іздеп,қазақ сайттарына деген сұраныс көп болса,бұдан асқан бақыт жоқ-ау сірә.Тәуелсіздігімізге аз ғана уақыт болса да,дамыған мемлекеттер қатарына кіріп үлгердік.Көп ұзамай ұлттық сайттарымыз да ҒАЛАМТОР желісінде көш бастап тұрары анық.Артымда арқа сүйер елім барда мен еш саспаймын.ҒАЛАМТОР әлі-ақ қазақ елі үшін үлкен жұмыстар атқаратын болады.МЕН ҒАЛАМТОР желісіне және туған елім Қазақстанға сенемін.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді