jasqazaq.kz

Руслан Мұздыбеков: Мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді

16 мамыр, 12:41

Түркістан облысы Сайрам ауданында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінде ауданда көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың заң талаптарына сай рәсімделуін қадағалау тұрақты жүргізіледі. «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, сауда орындарындағы бақылау-касса жүйелерін мемлекеттік тілге көшіру бастамалары қолға алынған. Осы орайда Jas Qazaq тілшісі Сайрам ауданының әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбековпен тіл саясатының жүзеге асырылуы мен мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстар туралы сұхбаттасты.

-Руслан Орынбекұлы, аймақта тіл саясатын жүзеге асыруда бизнес, медиа және білім беру салаларымен байланыс қалай жолға қойылған?

— Ауданда тіл саясатын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Әсіресе кәсіпкерлік саласындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын түсіндіру мақсатында тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары да бұл іске белсенді атсалысып келеді. Мемлекеттік тілді насихаттау бағытындағы мақалалар «Мәртөбе» аудандық газетінде тұрақты жарияланып тұрады.

Ал білім беру саласына келсек, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тілдік құзыреттілікті арттыру мақсатында мұғалімдер мен студенттерге арналған қазақ тілі курстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Мәселен, биыл №56 Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беру мектебінің 42 мұғалімі қазақ тілі курсын аяқтады. Қазіргі таңда «Далабазар» жалпы білім беру мектебінің 38 мұғалімі қазақ тілін оқып жатыр. Сондай-ақ Ақсукент гуманитарлық-техникалық колледжінің 60-қа жуық студенті қазақ тілі курсын тәмамдады.

— Қазақ тілін дамытуға бағытталған өңірлік жобалардың қоғамдағы нақты әсері қандай?

— Бүгінде бұл жобалардың нақты нәтижесі байқалып отыр. Ең алдымен мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді. Қазақ тілінің қоғамдық ортадағы қолданыс аясы кеңейіп, жастар арасында қазақша сөйлеу мәдениеті қалыптасуда. Қызмет көрсету саласында да мемлекеттік тілді қолдану деңгейі жоғарылап келеді.
Бізді қуантатын тағы бір жайт – өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығы. Ауданымызда Владислав Голярко, Анастасия Нумец, Зарина Узденова, Халил Дарьяби секілді 20-дан астам өзге этнос өкілдері қазақ тілін 90–95 пайыз деңгейінде меңгерген. Бұл дегеніміз – тіл саясатының қоғамды біріктірудегі маңызды рөлін көрсететін нақты мысал.

— Мемлекеттік тілдің күнделікті қолданысын арттыру үшін қандай ынталандыру шаралары қолға алынған?

— Мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі қолданысын арттыру мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ең алдымен тіл үйрену курстары ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет пен қызмет көрсету салаларындағы тілдік талаптар күшейтілуде. Сонымен бірге ақпараттық-түсіндіру шаралары да тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жыл сайын мемлекеттік тілді насихаттауға арналған түрлі байқаулар, әдеби-танымдық кештер, ашық сабақтар ұйымдастырамыз. Атап айтқанда, «Тіл бәрімізге ортақ», «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы», «Тіл тағдыры және ұлт ұлағаты», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты дөңгелек үстелдер өтті.
Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Талап, еңбек, терең ой…» атты аудандық байқаулар ұйымдастырылды. «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты салтанатты іс-шаралар, «Тіл тазалығы – рухани жауапкершілік», «Тілдік кемсітушілікке жол жоқ!» тақырыбындағы семинарлар өткізілді.
Ал акциялар қатарында «Мен қазақша сөйлеймін!», «Тіл үйренейік!», «Қазақшаңыз қалай?» секілді жобалар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Мұның барлығы мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін арттырып, халықтың күнделікті өмірде қазақ тілін еркін қолдануына ықпал етеді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
Бүгін, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата
25 мамыр, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
25 мамыр, 16:33
«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі