jasqazaq.kz

Премьер-Министр ішкі нарықтағы «ұйымдасқан топтар» мен делдалдарды құртуды тапсырды

14 сәуiр, 12:48

Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов негізгі міндет инфляциялық қысымды төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып қалатынын атап өтті.

Премьер-министр: «Ең бастысы, маңызды бағыттарда, соның ішінде азық-түлік өнімдерін шығаратын қолданыстағы өндірістерді локализациялау деңгейін арттырып, кеңейту қажет» — деп, министрліктерге бірқатар тапсырма берді.
Соғар орай, ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығында өнімділікті ұлғайтып, жылыжай, көкөніс және сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ қайта өңдеу деңгейін тереңдету бағытында қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Сауда министрлігі көтерме-тарату инфрақұрылымын дамыту, заманауи сақтау және логистика қуаттарын құру жұмыстарын жандандыруы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін тежеуге тұрақты мониторинг жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды жалғастыруы қажет.
Сондай-ақ сауда министрлігі өңірлермен бірлесіп, ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыру, делдалдық схемаларды анықтау және цифрландыру арқылы жеткізу тізбектерін қадағалау жұмыстарын күшейтуі керек.

Премьер-министр сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің назарын көтерме сауда нарықтарындағы жағдайға аударып, шектен тыс баға қосу проблемасын атап өтті:

«Арман Абайұлы, өткен аптада сізге ірі көтерме базарларда тәртіп орнатуды тапсырдым. Жасыратыны жоқ, ол жерлерде ел айтып жүргендей, «ұйымдасқан топтар» заңсыз әрекет етеді. Көкөніс, жеміс-жидек, ет және басқа да өнімдердің бағасы ешқандай негізсіз, қолдан көтеріледі. Міне, осыны нағыз делдалдық схемалар деп айтуға болады. Ішкі істер министрлігімен, Мемлекеттік кірістер комитетімен және Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге осы мәселемен нақты әрі жүйелі түрде айналысыңыз».

Үйлестірілген тарифтік саясаттың және монополияға қарсы реттеуді күшейтудің маңыздылығы бөлек атап өтілді.
Тарифтік саясат болжамды әрі инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.

Ұлттық экономика, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері тарифтер мен бензин бағасына мораторийдің аяқталуына байланысты олардың инфляция деңгейіне үлесін жоғарылатпау үшін шаралар қабылдауы қажет.
Нарықтарды жүйелі түрде демонополизациялап, азық-түлік, отын, көлік және коммуналдық қызмет нарықтарында монополияға қарсы бақылауды күшейту керек.

Премьер-министр: «Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және салалық мемлекеттік органдармен бірге аталған бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруы қажет», — деп тапсырды.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар