jasqazaq.kz

Петропавлда автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

21 сәуiр, 9:21

Сурет: Depositphotos.com

2023 жылдың тамыз айында Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «БУКА» ЖШС арасында жалпы құны 5,4 млрд теңгеге автожол өтпежолын салу туралы келісімшарт жасалған.

Шартты орындау барысында мердігер ұйым тарапынан жұмыс кестесінен жүйелі түрде кешігуге жол берілген.

Тергеу амалдарына сай, мердігер ұйымның директоры тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен сөзбайласа отырып, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер көрсетілген актілерді рәсімдеуді және қол қоюды ұйымдастырған. Осы құжаттардың негізінде мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Соттың санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техникаға тыйым салынды.
👨‍⚖️

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеп-тексеру жалғасуда.

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті