jasqazaq.kz

Ордабасыда оқушы қызды өлтірген екі жігіттің соты басталды

18 қыркүйек 2023, 12:36

Сот

Түркістан облысында оқушы қызды бопсалап, кейіннен пышақтап өлтірген екі күдіктіге 3 бап бойынша айып тағылды.
Жан түршіктіретін бұл оқиға биылғы жылдың басында Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында болған.
9-сыныпта оқитын қыз баланы бір мектепте оқитын 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы бопсалап, ақша сұраған. «Бір миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды желіге жариялаймыз» деп қорқытқан. Кейін қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген.

Қазір осы оқиғаға қатысты сот отырысы басталды.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында: «Түркістан облыстық сотына оқушы қызды өлтірген екі күдіктіге қатысты іс материалдары 1 қыркүйек күні келіп түсті. 2004 және 2005 жылы туған күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 132-бабының 4-бөлігімен, 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен және 99-бабының 2-бөлігінің 7,9,14 тармақтары бойынша айып тағылып отыр. Іс материалдары Түркістан облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сәкен Ынтықпайұлы Тұрғымбаевтың өндірісіне қабылданған. Қазіргі таңда алдын ала тыңдау жүріп жатыр», — делінген.
JQ-Aqparat

Бүгін, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Бүгін, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее