jasqazaq.kz

Олжас Бектенов шегірткеге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды

12 мамыр, 13:17

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне байланысты мониторинг жүргізіп, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын.
Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының назарын Қазақстанда және көрші елдерде шегірткенің таралуына байланысты қалыптасқан ахуалға аударды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл көршілес мемлекеттерде шегіртке зиянкестерінің шамамен 1,2 млн гектар аумаққа таралуы болжанып отырғанын баяндады. Шекара маңындағы аумақтарында тұрақты мониторинг жүргізілуде, зиянкестердің ұшып келу қаупі туындаған жағдайда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техниканы тарту көзделген. Жалпы республика бойынша 2,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, қажетті техника, мамандар мен препараттар дайындалды.
«Мұнда ең бастысы – уақытты жіберіп алмау. Техника да, химиялық заттар да бар, барлық жұмысты дер кезінде жүргізу қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
JQ-Aqparat

Сурет: primeminister.kz

Бүгін, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
Бүгін, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы