jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Моноқалаларды жастарға тартымды етеміз

02 сәуiр 2024, 13:36

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында моноқалаларды жастарға тартымды ету үшін қандай шаралар қабылдану керектігін айтты.

«Біз моноқалаларды дамытып, жастар үшін тартымды еткіміз келеді. Ол үшін табысты арттырып, жұмыс орындарын көбейту қажет. Аталған міндет өндірістерді кеңейту, жаңа жобаларды іске қосу, бизнеске қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Әкімдіктер жас мамандарға жағдай жасап, әлеуметтік пакеттер ұсынуы керек. Моноқалаларда өндіріс орындары бар компаниялар да корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктері туралы ұмытпауға тиіс. Оның ішінде, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға, өндірісті кеңейтуге, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға бірінші кезекте назар аудару қажет», — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол облыс әкімдері моноқалалардың инфрақұрылымын қараусыз қалдырғанын атап өтті.

«Моноқалаларда жайлы тұрмыс деңгейі инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысына тікелей байланысты. Олардың көпшілігінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым әбден тозған. Облыс әкімдіктері жағдайды жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдаған жоқ. Сондықтан қалыпты тұрмыс жағдайы мен қызметтерді қамтамасыз етуге баса назар аудару керек», — деді Премьер-министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі