jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып,   экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға жол ашады

18 наурыз, 11:16

Бүгін Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов оның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең екенін атап өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр: «Ең алдымен, барша қазақстандықтарды тарихымыздағы аса маңызды оқиға – жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!
Бұл – Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен   және қоғамның белсенді қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді»,— деп атап өтті.
Үкімет басшысы жаңа Конституция саяси тұрақтылықты нығайтып,   экономиканы одан әрі жаңғыртуға жол ашатынына назар аударды:
«Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып,   экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға жол ашады.
Бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты негізгі құндылықтарды орнықтырып, ұлтымыздың ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды.
Ол еліміздің саяси жүйесіне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, адам капиталының, ғылым мен мәдениеттің, цифрлық ортаның сапалы дамуына, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді»,).

JQ-Aqparat

Сурет: @KZgovernment

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті