jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Әр стансаға «таза көмірге» негізделген заманауи экологиялық технология енгізу қажет

07 сәуiр, 12:41

Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту мәселесін қарау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов көмір саласында «таза» технологияларды енгізудің маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кейінгі уақытта қоршаған ортаға әсері барынша аз «таза көмір» технологиялары белсенді дамып келеді.
Бұл бағытта Қытай, АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қалыптасқан тәжірибелері бар.
Атап айтқанда, кейінгі жылдары көмірқышқыл газы мен қоспаларды 90%-ға дейін ұстап қалып, зиянды қалдықтарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қарқынды дамуда.

Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек. «Таза» технологияларды қолданыстағы көмір стансаларын жаңғырту мақсатында, атап айтқанда, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайтып, тиімділігін арттыру үшін де қолданған жөн. Біз қатаң экологиялық стандарттарды сақтауға ұмтылып, көмірді белсенді пайдалануды жоспарлап отырмыз»,
— деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов мемлекетік органдарға бірқатар тапсырма берді:

«Энергетика министрлігі Экология министрлігімен бірге бір ай ішінде қолданыстағы энергия көздеріне талдау жүргізіп, әрбір станса бойынша «таза көмірге» негізделген заманауи экологиялық технологияларды енгізуге байланысты жол картасын әзірлеп, бекітсін.
Қолданыстағы көмір электр стансаларында заманауи тазарту жүйелерін, оның ішінде электрофильтрлерді қолдана отырып, кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Тазарту жүйелерінің тиімділігін арттыру және халықаралық тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша зерттеу жұмыстарын жандандыру керек».

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті